Қазақстан жаңалықтары7 қаңтар 2024, 10:00

Екі ай бұрын жоғалған 14 жасар қыздың анасы мен өгей әкесі ұсталды

Талдықорғанда қарашадан бері мектепке бармай, із-түзсіз кеткен 14 жасар қыз әлі табылған жоқ. Полиция оның ата-анасын қамауға алды, - деп хабарлайды Arbat.media облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«14 жасар қыздың жоғалу дерегіне байланысты күдікті деп танылған қыздың туған анасы мен Тиктокта шағымданған өгей әкесі ұсталып, қамауға алынды» деп мәлімдеді Жетісу облыстық полиция департаментінен. 

Ведомство қандай баппен іс қозғалғанын, күдіктілер қызды өлтірді ме, әлде басқа қылмыс жасады ма  — ол жағын нақтылаған жоқ. 

Айта кетейік, мұның алдында қыздың өгей әкесі видео түсіріп, полиция әйелін ұстап әкетіп, ұрып-соққанын, рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолданғанын айтқан еді. 

Полиция күдіктілерге заңсыз тергеу әдістері жасалмағанын хабарлады. 

«Алғашқы күннен бастап адвокаттарға тергеу амалдарына қатысуға мүмкіндік берілген. Іс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында», — дейді Жетісу облыстық полиция департаменті бастығының орынбасар Руслан Чарапиев. 

Бұған дейін Талдықорғанда бірнеше ай мектепке бармаған 14 жасар қыз іздестіріліп жатқаны айтылған. 

28 желтоқсанда Талдықорған қаласының полиция бөліміне бір мектептің басшылығынан бірнеше ай бойы сабаққа келмеген 14 жасар оқушы туралы шағым түскен.  

Талдықорған жоғалған қыз өгей әке Қамау

Тақырыпқа жаңалықтар