Қазақстан жаңалықтары27 мамыр 2025, 14:20

“Екі кеншінің жағдайы ауыр”: Ақтөбе облысындағы шахтада алапат өрт болды

Дөң тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» кенішінде өрт шығып, 3 кеншіні күйік шалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Зардап шеккендер – жабдықтарды монтаждап жатқан кезекші электр слесарьлері.

«Кеніштің тау-кен блогында газ-ауа қоспасы жарылып, өрт болған. Жұмысшылардың беті мен қолын күйік шалды», - деп хабарлады «Казхром».

Облыстық ТЖД жұмысшылардың әртүрлі дәрежеде күйік шалғанын мәлімдеді. Зардап шеккендер шахта қызметкерлерінің көмегімен жер бетіне көтерілген.

«Сағат 23: 50-де жұмысшылар жедел жәрдем бригадасына тапсырылды», - деді облыстық ТЖД.

Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілгенін айтты. Қазір оларға толық көлемде медициналық көмек көрсетілуде.

«Екі пациент жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Үшіншісі травматологиялық бөлімшеге жатқызылған. Науқастар бақылауда болады», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Өрт Шахта Кенші Ақтөбе

Тақырыпқа жаңалықтар