Екібастұз жылу орталығындағы апат: Министрлік түсініктеме берді
Фото: Павлодар обл әкімдігі
Pavlodar oblısınıñ äkimi

Екібастұз жылу орталығындағы апат: Министрлік түсініктеме берді

№2 Екібастұз МАЭС-1 стансасындағы жағдай қаланы электрмен және жылумен жабдықтауға еш әсерін тигізбейді. Энергетика министрлігі қазір мұржада арнайы ұйым тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады. Болат Нұржанов атындағы Екібастұз №2 мемлекеттік аймақтық электр стансасындағы №3 энергия блогының кенеттен тоқтауы қуатпен қамту жүйесіне әсер етпейді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Екібастұз МАЭС-1» ЖШС-не тиесілі №1 мұржаның оқпаны бойындағы қарау люктерінен түтін газдарының қысқа мерзімді шығуы болған. Себебін анықтау мақсатында арнайы ұйым тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін еліміздің өзге электр стансаларында өндірісті алдын ала ұлғайту ұйымдастырылды. Аталған жағдай тұтынушыларды электрмен және жылумен жабдықтауға еш әсерін тигізбейді,-деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінен.

Б

Екібастұз жылу орталығы Апат

Тақырыпқа жаңалықтар