Елімізде әуе кеңістігі уақытша жабылады

Астана әуе кеңістігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Arbat.media.

Айта кетейік, 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында Астана әуе кеңістігінде әскери парадқа дайындық өтеді.

Көлік министрлігі жолаушылар сапар кезінде осы шектеуді ескеруді сұрайды.

Оған Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық себеп болған.

«22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Астананың әуе кеңістігі нуақытша жабылады», - делінген азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

Ұшақ, әуе, тоқтайды

Тақырыпқа жаңалықтар