Қазақстан жаңалықтары12 қазан 2023, 18:00

Емханаға келген науқас дәрігерді пышақтады

Түркістан облысында клиникаға келген науқас дәрігерге пышақ салған, - деп хабарлайды Arbat.media.  

Түркістан облысында дәрігерге шабуылдау фактісі бойынша Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Мұхтар Сейділдаев айтып берді.

Сайрам ауданының Ақсукент кентінде жеке клиникада ультрадыбыстық кабинетке кезекте тұрған пациенттердің бірі жанжал шығарып, рентгенолог-дәрігерге пышақ салған.

«Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шықты. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция ауданның 27 жастағы тұрғынын күдікті ретінде ұстады. Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

 

Түркістан облысы Емхана Пышақтау Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар