Енді алимент төлеуден қашып жүргендерді жылдам анықтауға болады

Себебі қазақстандық балалар бұдан былай Кишинев конвенциясына қатысушы елдерде алимент мәселесі бойынша қорғалады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Осыған байланысты Мәжіліс Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.

Яғни 1993 жылғы 22 қаңтардағы және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Минск және Кишинев конвенцияларына өзгерістер енгізу жөніндегі екі хаттама ратификацияланды.

Депутат Нартай Сәрсенғалиевтің айтуынша, бұл құжат балалардың құқығын қорғауда маңызды рөл атқарады.

Алимент Қарыз Балалар Заң

Тақырыпқа жаңалықтар