Астана мен Алматыда Air Astana рейстері жаппай кешігіп жатыр
Астана мен Алматыда Air Astana рейстері жаппай кешігіп жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Авиакомпания өкілдерінің хабарлауынша, қалың тұман мен көрінудің нашарлауына байланысты рейстердің кезекпен кешігуі және ұшу кестесіне өзгерістер енгізілуде.
Алматыда 3 қаңтардан 4 қаңтарға қараған түні Airbus A320neo ұшақтарымен орындалатын рейстерге шектеу қойылды — көріну деңгейі 150 метрден төмендеген. Астанада да ұшып келу және ұшып шығу уақыты өзгертіліп жатыр.
Air Astana кестені мүмкіндігінше тез қалпына келтіруге тырысып жатқанын, тіпті FlyArystan әуе компаниясының резервтік ұшағы да іске қосылғанын мәлімдеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: