Қазақстан жаңалықтары31 қаңтар 2026, 13:49

Ер мен әйелдің ерікті әрі тең одағы: Жаңа Конституцияда неке ұғымы айқындалды

Конституцияның II бөлімінде неке мен отбасы институтына қатысты негізгі қағидаттар бекітілген, деп хабарлайды Arbat.Media.

Атап айтқанда, 30-бапта неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

Неке - еркек пен әйелдің мемлекет заңнамасына сәйкес тіркелген ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде айқындалды.

Сондай-ақ баланы тәрбиелеу мен оған қамқорлық жасау ата-ананың құқығы әрі міндеті екені белгіленген. Ал кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалардың еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық көрсетуі міндетті.

Заң Неке Өзгеріс жоба
Кеше, 12:22 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 14:28 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:02 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 20:14 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар