Ереже бұзған 67 талапкер магистратураға түсу мүмкіндігінен айырылды
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталғалы 43 мыңнан астам талапкер сынақтан өтті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша талапкерлердің 44 пайызы, ал бейінді бағыт бойынша 21 пайызы шекті балл жинаған.
Орташа нәтиже ғылыми-педагогикалық бағытта 75 балды, бейінді бағытта 23 балды құрады. Ал ең жоғары көрсеткіш – 138 балл.
Сонымен қатар тестілеу барысында ереже бұзған 67 талапкердің нәтижесі жойылды. Оның ішінде 49 адам смартфон және басқа да тыйым салынған заттарды алып кіруге әрекеттенгені үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды.
Ал тест кезінде тәртіп бұзған 18 талапкер аудиториядан шығарылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: