Қазақстан жаңалықтары26 сәуір 2024, 15:34

Ереже: Мопед мінгендер жүргізуші куәлігін алып, сақтандыру полисін рәсімдейді

Елімізде мопед тізгіндегендер жүргізуші куәлігін алып, сақтандыру полисін рәсімдеу тиіс болады.Мопед жүргізушілеріне «А1» санатындағы жүргізуші куәлігінің болуы туралы (16 жастан бастап беріледі) талап қою ұсынылды. Бұл өз кезегінде әрбір мопедті тіркеуге және тиісінше олардың жүргізушілеріне механикалық көлік құралдарының жүргізушілері үшін қарастырылған талаптарды қоюға мүмкіндік береді. Осы ретте, жүргізуші куәлігін алу, сақтандыру полисін рәсімдеу, көлік құралына техникалық тексеру жүргізу және басқа да мәселелер шешіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Ішкі істер министрлігі (Парламент Мәжілісі депутаттарының бастамасымен әзірленген) тиісті заң жобасының талқылауына қатысып жатыр. Құжатта мопедтерді жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша уәкілетті мемлекеттік органда мемлекеттік тіркеуге жататын көлік құралдарының тізбесіне енгізу ұсынылды. Сонымен қатар, мопедтерді механикалық көліктерге теңестіру, механикалық көлік құралдарының жүргізушілеріне қойылатын талаптарға сәйкес мопед жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттерін айқындау ескерілген. Заң жобасы қабылданғаннан кейін мопед жүргізушілері жолдағы көлік қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін механикалық көлік құралдарының жүргізушілеріне ұқсас жауапкершілікке тартылады. Яғни мопед жүргізушісі механикалық көлік құралдарының жүргізушілеріне жүктелген жауапкершіліктің барлық спектрін көтереді», - дейді Ішкі істер министрлігі.

 

 

 

Қазақстан Мопед жаңа ереже

Тақырыпқа жаңалықтар