Ертең Астанада оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
Бүгін, 12 ақпанда астаналық оқушылар мен студенттер сабақты қашықтан оқиды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы Астананың білім басқармасы мәлімдеді.
«12 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», деп хабарлады білім басқармасы.
Синоптиктер алдағы үш күнде Астанада қатты аяз болатынын ескертті. Елордада бүгін аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -24, -26°С, күндіз -16, -18°С болады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: