Қазақстан жаңалықтары5 маусым 2024, 17:04

Ертең еліміздің кейбір өңірлерінде күн 40 градусқа дейін ысиды - Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК-сы еліміздің өңірлеріндегі 6-маусым күнгі күн райына болжам жасады. Ертең, 6-шы маусым күні Астанада күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, - деп хабарлайды Arbat.media.

6 маусымда Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында да найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі туындайды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Жезқазғанда да найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

6 маусым күні күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша өрт қаупі өте жоғары болады.

Ақтауда да өрт қаупі жоғары.

Сондай-ақ ертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде де тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с-ке жетеді, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23 м/с.

Петропавлда 6 маусымда найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

6 маусымда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағандыда 6 маусымда күндіз найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

6 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде дауыл тұрып, бұршақ жауады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 37 градус аптап ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Оралда 6 маусымда күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 18 м/с-ке жетеді. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

6 маусымда күндіз Абай облысының солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

6 маусымда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 35 градус ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбеде 6 маусымда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

6 маусымда Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Шымкентте 6 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістанда 6 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

6 маусымда күндіз Атырау облысының шығысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыста 38 градус аптап ыстық. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырауда 6 маусым күні күндіз 37 градус ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

6 маусымда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Көкшетауда 6 маусымда таңертең және күндіз найзағай ойнайды.

6 маусымда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылордада 6 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

6 маусымда түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанайда 6 маусымда найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

6-8 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады. 6 маусымда облыстың таулы аудандарында, 7-8 маусымда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

6 маусымда күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 18 м/с-ке жетеді.

40 градус Ыстық Қазгидромет

Тақырыпқа жаңалықтар