Қазақстан жаңалықтары18 шілде 2024, 11:00

Ертіс-Баян өңірінде банкрот болған азаматтардың саны 500-ге жетті

Олардың жалпы сомасы 700 млн теңге борышы жойылды. «Банкрот» деп танылған азаматтар үш жыл бойы мемлекеттік кірістер департаментінің бақылауында болады. Өңірлік мемлекеттік кірістер департаментіне мойнында 15 мың теңге қарызы бар адам да өзін банкрот деп тану туралы өтініш білдірген. Ал ең жоғары сома 20 млн теңгені құрайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Банкроттық туралы заң қабылданғалы бері облыста осы 500 жеке тұлға банкрот деп танылған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Заңның қабылданған уақытынан бастап бүгінгі күнге дейін 3800 адам өтініш тапсырды. 500 өтініш бойынша оң шешім шығарылып, жалпы сомасы 700 млн теңгеге қарыздары алып тасталды. 280 адамның өтініші қаралуда. 2800 өтініш кері қайтарылды»,-дейді Өңірлік мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Миргүл Мажимова.

Ертіс-Баян Банкрот 500 азаматтар

Тақырыпқа жаңалықтар