Студент өлімі: ҚазҰУ проректоры мен декан жұмыстан кетті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет студент өліміне байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Белгілі болғандай, оқиғадан соң әлеуметтік тұрақты даму жөніндегі проректор, география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы лауазымдарынан босатылған. Ал жатақханада оқиға күні кезекшілікте болған жауапты қызметкерлер жұмыстан шеттетілген. Олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

Айта кететіні, 16 қарашаға қараған түні География және табиғатты пайдалану факультетінің 1 курс студенті қаза тапты. Полиция қылмыстық іс қозғап, адам өліміне қатысы бар күдіктіні ұстады. 6 қараша күні Журналистика факультетінің 1 курс студенті өмірден озды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет оқиға Студент Мәлімдеме

Тақырыпқа жаңалықтар