Ипотеканың бастапқы жарнасы 10%-ға дейін төмендейді
"Отбасы банк» арқылы берілетін ипотеканың бастапқы жарнасын 10%-ға дейін төмендету көзделіп отыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұл мәселені «Отбасы» банкімен бірлесіп пысықтап жатыр. Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Қазір біз бастапқы жарнаны 10 пайызға дейін төмендетуді көздейтін тетіктерді пысықтап жатырмыз. Қаржылық модельді “Отбасы” банкімен бірлесіп әзірлеудеміз. Жаңа тетіктерді 2027 жылы таныстыруды жоспарлап отырмыз», – деді Бақытжан Жүнісбеков.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: