Ескі 5000 теңгелік купюралар қолданыстан шығады

Қыркүйектің соңынан бастап дүкендер ескі 5000 теңгелік купюраларды қабылдамайды, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, купюра айналымнан бірден алынып тасталмайды, кезең-кезеңімен айналымнан шығады. Банктер оларды жеке және заңды тұлғалардан қабылдап, біздің барлық облыстық филиалдардағы қоймаларға өткізеді. Бір немесе екі, үш жылдан кейін болсын, ескі 5000 теңгелік қағаз ақшалары барлар Ұлттық банктің облыстық филиалына келіп, сол номинал бойынша тапсыра алады.

Банк ескі банкноттарды қабылдап, орнына жаңасын береді.

2025 жылдың 24 қыркүйегіне дейін 2011 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қала береді және дүкендер оларды қабылдауға міндетті. Параллель айналым кезеңі аяқталған соң барлық банктер мен “Қазпошта” үш жыл бойы ескі үлгідегі купюраларды жаңаға айырбастайды. Ал Ұлттық банк филиалдары – мерзімсіз қабылдайды.

ұлттық банк 5000 теңге

Тақырыпқа жаңалықтар