Exit poll: Халықтың 72,3%-ы АЭС құрылысын қолдаған
Фото: Акжигит Чукубаев / Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары7 қазан 2024, 5:23

Exit poll: Халықтың 72,3%-ы АЭС құрылысын қолдаған

Қоғамдық саясат институты сайлаушылар арасында сауалнама жүргізді. Exit poll нәтижесінде қатысушылардың 72,3 пайызы АЭС құрылысын қолдаған. «Қоғамдық саясат институты барлық өңірде экзит-пул өткізді. Сауалнама барысында 600-жен астам интервьюер мен супервайзерлер жұмыс атқарды. Экзит-пулға 44 160 азамат қатысты, сауалнама 300 дауыс беру учаскесін қамтыды», - деп атап өтті Қоғамдық саясат институтының сарапшысы Медет Өмірзақов «Астана» телеарнасының тікелей эфирінде, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оның айтуынша, сауалнаманы Exit poll әдістемесі бойынша арнайы оқытылған кәсіби интервьюерлер жүргізген, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Сауалнама нәтижесінде қатысушылардың 72,3 пайызы Қазақстан АЭС құрысына келісемін деп дауыс берген, ал қарама-қарсы пікірді 27,2 пайызы білдірген», - деді М.Өмірзақов.

Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді.

6 қазанда ел бойынша 10 249 референдум учаскесінде дауыс беру басталды.

1 шілдедегі жағдай бойынша ел көлемінде 12 176 968 адам референдумда дауыс беруге хақылы.

Айта кетейік, 20:00-дегі жағдай бойынша 7 820 918 азамат бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 63,87 пайызы.

Exit poll: 72,3% АЭС референдум

Тақырыпқа жаңалықтар