Ғасыр соңына қарай Каспий теңізі 6 метрге дейін төмендеуі мүмкін
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары2 қыркүйек 2024, 12:00

Ғасыр соңына қарай Каспий теңізі 6 метрге дейін төмендеуі мүмкін

Каспий теңізінің деңгейі ғасыр соңына қарай 6 метрге дейін төмендеуі мүмкін. Әзербайжан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық саясат басқармасы басшысының орынбасары Рафиг Вердиев осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ол бұл ақпаратты сәрсенбі күні Trend.az агенттіне хабарлады.

Рафиг Вердиевтің мәліметінше, соңғы 30 жылда Каспий теңізіне құятын өзендердің деңгейі төмендегені байқалады.

«Кейінгі кезде жауын-шашын мөлшері азайды. Булану үдерісі жоғарылады. Бұл Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. 1979 жылы Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты солтүстіктен құятын өзендер жөнінде арнайы жоба қарастырылған. Кейін теңіздің деңгейі көтерілді. Сол себептен, аталған жоба кейінге қалдырылды. Алайда, қазіргі байқалып отырған үдерістерге байланысты бұл жобаны қайта қарастырылу мәселесі туындауы мүмкін», - дейді Рафиг Вердиев.

Каспий төмендеу

Тақырыпқа жаңалықтар