Қазақстан жаңалықтары7 желтоқсан 2023, 11:41

Иранға мұздатылған ет экспорттайтын болдық

Тегеранда министрдің орынбасары және Иранның ветеринарлық ұйымының басшысы Моджтаба Норузи мен Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин екі жақты меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.

Құжат мал шаруашылығының мұздатылған етін жеткізудің жаңа экспорттық жолдарын ашады. Осы уақытқа дейін қазақстандық өндірушілер Иранға сақтау мерзімі 3 күнге дейінгі салқындатылған сиыр етін ғана жеткізе алатын.

Уағдаластық туралы құжатта мынадай талаптар қарастырылған:

1.Қазақстандық мұздатылған сиыр етінің сүйексіз импортына қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар.

2.Ирандық сүт компанияларын Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) аумағына және Қазақстан Республикасына импорттауға құқығы бар үшінші елдердің тізіліміне енгізу туралы.

3.Вакуумдық қаптамадағы ірі қара малдың жаңа етінің жарамдылық мерзіміне қатысты ғылыми құжаттар

 

Иран Экспорт мұздатылған ет Ауыл шаруашылығы

Тақырыпқа жаңалықтар