“Іш киімін шешті": Шымкентте ер адам 2-сынып оқушысына тиісті
Шымкентте бұрын сотты болған ер адам оқушы қызға тиіскен. Бірақ бірінші сатыдағы сот оны қамауға алудан бас тартқан, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұған дейін Шымкенттің тергеу сотында болған өрескел жағдай туралы адвокат Талғат Есімов мәлімдеді.
Оның айтуынша, оқиға 24 сәуірде көпқабатты үйдің кіреберісінде болған. Сегіз жасар қызды қорлаған ер адамның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
«Ер адам екінші сынып оқушысының соңынан еріп, ол тұратын көпқабатты үйге кіріп, екінші және үшінші қабаттар арасында күтіп тұрған. Онымен сөйлесіп, белдемшесін көтеріп, іш киімін шешкен. Сосын анайы қылықтар жасаған», -деп жазды адвокат.
Қыз қорқып, айқайлап жібереді. Ер адам қашып кетеді. Күдікті бұған дейін ұрлық, тонау қылмыстары үшін сотталған.
Адвокат күдіктінің ұсталғанын хабарлады.