Қазақстан жаңалықтары11 қазан 2023, 15:50

Көшеде иесіз итті сабаған адам тергеуге алынды

Өскемен қаласында көшеде итті сабаған ер адам 30 күнге қамалуы мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media

Оқиға қаладағы Бажов көшесінде болған. Дүкен маңында ер адам итті сабап жатты.

Мұны полиция қызметкерлері байқап қалып, оны дереу тоқтатқан.

Қала тұрғыны иттің баласын қауып ала жаздағандықтан осындай әрекетке барғанын түсіндірді.

«Аталған факті бойынша ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабына (жануарларға қатыгездік көрсету) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеуді Өскемен қаласының прокуратурасы өз бақылауына алды. Кінәлі адам заң шеңберінде жауапқа тартылады», - деп хабарлады қалалық прокуратурадан.

Осы бап бойынша 120 АЕК (414 000 теңге) көлемінде айыппұл салынып, сол мерзімге қоғамдық жұмысқа тартылу немесе 30 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған. 

Өскемен Ит Тергеу Қамау

Тақырыпқа жаңалықтар