Қазақстан жаңалықтары12 қараша 2023, 0:11

Костенко шахтасын қалпына келтіруге 2,5 ай қажет

Кеншілер мен металлургтер тарапынан «АрселорМиттал» кеткеннен кейін кейбір шахталар жабылады деген қауесет тарады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен брифингіде жұмысшылардың бұл болжамын жоққа шығарды. 

«Барлық 8 шахта жұмыс істейтін болады. Бүгінгі таңда 4 шахта толық көлемде жұмыс істеп жатыр. Қалғандары әртүрлі себептерге байланысты тоқтап тұр. Дайындық жұмыстары жүргізілуде, «Қазақстан» шахтасында әлі де жұмыс жүріп жатыр. Костенко шахтасында тергеу аяқталған жоқ. Мамандардың бағалауы бойынша, бұл шахтаның жұмысын қалпына келтіру үшін тағы 2,5 ай қажет. Шахталардың жабылатыны туралы сөз болған емес. Ол туралы нақты айта аламын», - деді облыс әкімі.

Айтуынша, компанияның жаңа басшыларының алдына өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қомақты қаражат салу жөнінде шарттар қойылмақ. Бұл мемлекет тарапынан қойылатын басты талаптардың бірі болады.

Костенко шахтасы қалпына келтіру мерзім

Тақырыпқа жаңалықтар