Қазақстан жаңалықтары29 қазан 2023, 23:01

Костенко шахтасында қаза болғандар саны 45-ке жетті

Қарағанды облысының Костенко шахтасында қаза тапғандар саны 45-ке жетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 45 адамның денесі табылды, 1 кеншіні іздеу жалғасуда.

Жұмыстар бір-бірінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесі ауданында жүргізілуде.

Кеншілер орналасуы мүмкін ықтимал учаскелерге тау-кен құтқарушыларының өтуінің барлық мүмкін жолдары пысықталуда.

Апаттың болжамды эпицентрін тексеру үшін ТЖ министрі Сырым Шәріпханов шахтаға түсті.

Тексеру барысында өрт пен жарылыстың әсеріне ұшыраған қазбалар қаралды, онда:
- шахта жабдығының бұзылуы және жылжуы;
-металл-аркалы бекіту элементтеріндегі шаң шөгінділері;
- желдету құрылыстарының зақымдануы анықталды.
Көзге көрінетін жану ошақтары жоқ, газ жағдайы қалыпты.

Сонымен қатар, Сырым Шәріпханов аварияны тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшелерімен отырыс өткізді.

Жұмыстарды жан-жақты қамтамасыз ету Төтенше жағдайлар министрінің жеке бақылауында. Жұмыс жалғасуда.

Костенко шахтасы қаза болғандар

Тақырыпқа жаңалықтар