Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
Әнші Димаш Құдайберген шахтада әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қарағандыдағы Костенко шахтасында қаза тапқан 46 азаматтың артында қалған отбасыларына мемлекет те, жеке кәсіпкерлер де қолұшын созып жатыр.
Әйгілі әнші Димаш Құдайберген де осы отбасыларға қайырымдылық жасаудан қалыс қалған жоқ. Ол сол апатта әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға 1 миллион теңгеден аударды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: