Лүпіл баспағандарды қудалаған басшы жазаның астында қалды
Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығының басшысы қызметкерлерге желідегі жазбаға лүпіл баспағаны үшін ескерту жасаған еді. Әлеуметтік желіде бұл мәселе үлкен дау туғызды, деп хабарлайды Arbat.media.
Қызметкерлерін қудалаған Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы.Ішкі саясат басқармасының басшысының айтуынша, бұл екі қызметкер арасындағы жанжал. Оның көпшілік алдына шығарып, дауласудың қажеті жоқ еді дейді.
Қызметкерлерден желіде белсенді болуды талап еткен басшы әрекеті үшін жазаланыпты. Оған қатысты тәртіптік жаза қолданылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: