Қазақстан жаңалықтары2 ақпан 2024, 9:00

Майқайыңда қаза болған құтқарушылардың отбасына — өтемақы

Майқайыңда қаза болған құтқарушылардың отбасыларына сақтандыру өтемақысы төленіп, банктегі қарыздары кешіріледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Facebook-тегі парақшасында жазды дейді туралы Kazinform агенттігі.

Марқұмдардың отбасыларының несиелері мен коммуналдық қарыздарын өтеуді де жұмыс беруші өз мойнына алатынын мәлімдеді.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов бүгін «Майқайыңалтын» АҚ тау-кен аумағындағы опырылған жерде қаза болған құтқарушылардың отбасыларына барған.

«Бердібек Сарқыттың туған-туыстарымен Майқайыңдағы үйінде кездестім, бұған дейін мен мұнда оның жерлеу рәсімінде болғанмын. Менің бүгінгі келуімнің мақсаты - қаза тапқан құтқарушылардың туыстарына оларды ешкім жалғыз қалдырмайтынын жеткізу. Әрине, ешқандай қолдау сөздері мен төлемдер жақындарыңызды қайтармайды. Бірақ, біз аумағында қайғылы жағдай орын алған «Майқайың-алтын» АҚ-нан, мемлекеттен және жұмыс берушіден жан-жақты көмек алу үшін қажеттінің бәрін жасаудамыз» деп жазды әкім.

Бұған қоса ол марқұм құтқарушы Олег Тышкевичтің Екібастұзда тұратын қызымен де сөйлескенін жеткізді. Өңір басшылығы жұмыс беруші мен «Майқайыңалтын» АҚ-ның Яна мен оның ағасы алдындағы барлық міндеттемелерінің орындалуын қадағалайтын болады. Қаза болған жандардың отбасыларына кәмелетке толмаған балалардың болуы мен олардың жасына байланысты кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабынан 5-10 жыл үшін орташа айлық жалақы мөлшерінде сақтандыру өтемақысы беріледі.

«Майқайыңалтын» АҚ бұған дейін бөлген қаражатын бірнеше есеге арттырады, ал, жұмыс беруші қаза тапқандардың отбасыларының несиелері мен коммуналдық қарыздарын өтеуді өз мойнына алады.

«Осындай көмектер іздестіру жүргізіліп жатқан екі құтқарушының денелері табылған немесе оларды қайтыс болды деп таныған жағдайда олардың отбасыларына да көрсетіледі. Қаржылай көмектің көлемі туралы ақпарат жұртшылыққа барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін хабарланатын болады» деп хабарлады А.Байханов.

Майқайың қаза болғандар Өтемақы

Тақырыпқа жаңалықтар