Қазақстан жаңалықтары23 сәуір 2024, 10:53

Мамырда жаңа ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

Министр Қанат Шарлапаев мамыр айында «Отбасы банкімен» жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылатынын айтты. Ипотекалық несие әлеуметтік осал топтарға 7 пайызбен, қалған санаттағы азаматтар үшін 9 пайызбен беріледі. Алғашқы жарна 20 пайызды құрайды. Тұрғын үй бағдарламасы моноқалалармен қатар ауылда да қолданысқа енгізіледі.

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес сатып алу құқығымен берілетін арендалық тұрғын үй туралы да айтты.

«Оның көлемін бірнеше есеге арттырып, жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосуы қажет. Механизмдердің негізгі шарттарына тоқталатын болсам. Әкімдіктер жеке құрылыс компанияларынан ауданы 80 шаршы метрді құрайтын жаңа тұрғын үйді сатып алады. Тиісті нормаларды Үкімет қабылдады, мамыр бастап қаржыландыру басталады. Жалпы бөлінетін қаражаттың 30%-дан аспайтын мөлшерде моноқалалар мен елді мекендерде тұрғын үйді екінші нарықтан сатып алуға болады. Биыл 300 млрд теңгеге 12 мың ипотекалық несие берілсе, одан әрі 8 мың несие беру үшін жыл сайын 200 млрд теңге қарастырылады», - деді Қанат Шарлапаев.

 

мамыр тұрғын үй бағдарлама іске қосылу

Тақырыпқа жаңалықтар