Қазақстан жаңалықтары13 қараша 2025, 14:48

Маңғыстауда 9 млрд теңге мақсатсыз жұмсалмақ болған

Маңғыстауда 9 млрд теңге мақсатсыз жұмсалмақ болған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Маңғыстау облысында прокуратура органдары 9 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуына тосқауыл қойды.

Тексеру нәтижесінде заңбұзушылықтар барлық аудан мен қалада анықталған. Мәселен, Ақтау әкімдігі бір-бірінің құны 6,7 млн теңге деп көрсетілген 12 киіз үй сатып алуды жоспарлаған. Ал олардың нарықтағы нақты бағасы төрт есе арзан болған.

Сонымен қатар қала көшелеріне орнатылуы тиіс жерасты қоқыс жәшіктерінің жобасы да негізсіз қымбаттатылғаны белгілі болды.

Маңғыстау қаражат жымқыру Заң
Бүгін, 13:40 Қазақстан жаңалықтары
26 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 11:40 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 9:33 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар