Маңғыстауда жігіт құрылыстағы лифт шахтасына құлап, көз жұмды
Қайғылы оқиға 4 қарашада Бесшоқы ауылында салынып жатқан нысандардың бірінде болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алдын ала деректер бойынша, 20 жастағы жұмысшы алтыншы қабаттан ашық тұрған лифт шахтасына құлап кеткен.
«Оқиға кезінде құрылыс алаңында кранмен құм толы науа жоғары көтеріліп жатқан. Науаны еденге қойған кезде жұмысшы қауіпсіз орынға шегінбек болады, алайда аяқ астынан тепе-теңдігін жоғалтып, лифт шахтасына құлап кеткен», – деді Маңғыстау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, жедел жәрдем оқиға орнына 20-30 минутта жеткен.
Бірақ көрсетілген көмекке қарамастан, жұмысшы көз жұмған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: