Мас болып ұсталған судьяның тағдырын Тоқаев шешеді

Бас прокуратура Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа мас күйінде ұсталған азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаеваны жауапқа тартуға ұсыныс жолдады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бас прокуратура әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 873 - бабының тәртібімен мемлекет басшысының атына судья А.К. Досаеваны мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуға келісім беру туралы ұсыныс жолдады.

Бас прокуратура бұл мәселені Жоғары сот кеңесі қарайтынын мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 79-бабының 2-тармағына сәйкес судьяны тұтқындауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалау шараларына тартуға, Қазақстан Республикасы президентінің келісімінсіз, республиканың Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген не Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында белгіленген жағдайда қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды», - деп түсіндірді Бас прокуратура.

судья Тоқаев Бас прокуратура Президент
Кеше, 14:45 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 12:27 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 15:37 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 18:41 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар