Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының алғашқы сайлауы сәтті өтуімен құттықтады, деп хаюарлайды Arbat.Media.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке қолдауы мен халықаралық ұйымдар құрамында Өзбекстан байқаушылар миссиясын жібергені үшін алғыс айтты.
Президент Өзбекстан көшбасшысына елімізде жүргізіліп жатқан ішкі саяси өзгерістер туралы айтып, Құрылтай озық, заманауи және әділетті Қазақстан құруға бағытталған саяси реформалардың маңызды бөлігі екеніне тоқталды.
Тараптар достық пен стратегиялық серіктестік рухында ұдайы нығайып келе жатқан қазақ-өзбек қарым-қатынасының даму барысына көңіл толатынын атап өтті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: