Меркіде ресейлік байкерге пышақ сұққан ер адам 7 жылға сотталуы мүмкін
Меркідегі жанармай құю бекетінде болған жағдайға байланысты ішкі істер органдары тексеріс жүргізуде, деп хабарлайды Arbat.media.
Айта кетейік, Меркіде ер адам Ресейден келген байкерді пышақтаған еді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шабуылдаған ер адам 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
“Жедел-тергеу тобының жұмысын үйлестіру үшін аймаққа ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері жіберілді. Оқиғаны толық және жан-жақты тергеу қамтамасыз етіледі”, - деп хабарлады ІІМ.
Оқиға 13 сәуір, жексенбі күні Жамбыл облысы, Мерке ауылы маңындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде болған.
Айта кетейік, ауруханада байкерге қысым жасалып, оны күзет қарауылдайтын болды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: