Мұғалімдер мектептен тыс уақытта оқушының өміріне жауап бермейді – заң қабылданды
Мәжіліс депутаттары педагог мәртебесі және білім беру мәселелеріне қатысты заңнамалық өзгерістерді қабылдап, сенаттың қарауына жіберді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ұсынылған нормалар мұғалімді артық жүктемеден босатып, кәсіби еркіндігін қамтамасыз етеді.
"Енді педагогтердің білім алушылар алдындағы жауапкершілігі тек оқу процесі барысында ғана айқындалады. Бұл мұғалімді өзіне тән емес функциялардан қорғайды", - дейді депутат Жанарбек Әшімжанов.
Оның айтуынша, баланың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігі де кеңейтіледі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: