Қазақстан жаңалықтары25 ақпан 2026, 14:25

Мұғалімдерді әлеуметтік желі жүргізуге мәжбүрлеуге тыйым салынуы мүмкін

Мұғалімдерді әлеуметтік желі жүргізуге мәжбүрлеуге тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бүгін Мәжілісте педагогтердің құқығын қорғауға арналған заң жобасы қаралады.

Құжатқа сәйкес, мұғалімдерді жұмыстан тыс уақытта WhatsApp арқылы ата-аналарға жауап беруге немесе әлеуметтік желіге контент жариялауға міндеттеуге тыйым салынуы мүмкін.

Сондай-ақ есепті электронды және қағаз түрінде қатар тапсыру талабы заңсыз деп танылмақ. Талапты бұзған мектеп директорларына айыппұл салынады.

Мұғалім әлеуметтік желі тыйым оқытушы
Кеше, 11:09 Қазақстан жаңалықтары
9 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 12:17 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 10:11 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар