Қазақстан жаңалықтары20 шілде 2024, 10:00

Мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыруға қаржы бөлінді

Қазақстанда мүгедек адамдарды азаматтық қоғам күштерімен әлеуметтендіру және жұмысқа орналастыру шараларын іске асыру жобасы басталды. Бастама мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жобаны «Қорған-М» қоғамдық бірлестігі пилоттық негізде үш өңірде Түркістан, Қарағанды облыстарында және Шымкент қаласында іске асырады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Жергілікті ҮЕҰ-ның көмегімен әлеуметтік және еңбек салаларымен біріктірілген іс-шаралар кешені ұйымдастырылады.

Жоба аясында 15 шілдеде ҮЕҰ мен бастамашыл топтарға арналған шағын гранттар конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Ең алдымен, мүгедектектігі бар адамдарды әлеуметтендіруге және жұмысқа орналастыруға, сонымен қатар оларды қоғамдық өмірге тартуға бағытталған жобалардың қаржыландыруды ұтып алу мүмкіндігі бар.

«Өтініш берушілер жобалық өтінімді дайындау кезінде басшылыққа алатын негізгі бағыттар: мүгедектерді кәсіпкерлік қызмет бойынша оқыту, менторлық және бизнес-коучинг, кедергісіз орта құру, цифрлық сауаттылықты арттыру», - деп атап өтті Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы Лима Диас.

Биыл конкурс аясында 20 шағын грант беру жоспарлануда. Атап айтсақ, Түркістан облысына – 10, Қарағанды облысына және Шымкент қаласына – 5 гранттан бөлінеді.

Орташа есеппен, жобаларды іске асыру мерзімі екі айдан төрт айға дейін созылады.

Конкурсқа қатысу үшін мынау telegram-боттағы ережені жүктеп, толығырақ танысуға болады.

мүгедек жұмысқа орналастыру 20 млн

Тақырыпқа жаңалықтар