Қазақстан жаңалықтары23 сәуір 2025, 10:00

«Найзағай ойнап, жаңбыр жауады»: 23 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 23 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arbat.media.

Елміздің бірқатар өңірінде жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Астанада найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +22+24°C, желдің жылдамдығы күндіз 9-14, ал түнде 3-8 м/с-ге жетеді.

Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +20+22°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с-ге жетуі мүмкін.

Шымкентте найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +23+25°C, желдің жылдамдығы 7-12 м/с.

Ауа райы 23 сәуір Ақпарат

Тақырыпқа жаңалықтар