Наурыз мерекесіне орай қаржылай жәрдемақы беріледі
21-22 наурызда Шымкентте қоғамдық көліктер ақысыз қызмет көрсетеді. Мереке күндері қала тұрғындары мен қонақтары автобустарда тегін жүре алады. Шымкент қалалық әкімдігі Наурыз мейрамына орай қалада мыңға тарта қоғамдық көлік 77 бағытта жолаушыларды тасымалдайтынын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Сондай-ақ әлеуметтің бірнеше тобына мерекелік бір реттік қаржы аударылады.
«Наурыз мерекесіне орай 18 жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 20 АЕК, ал қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 АЕК мөлшерінде жыл сайынғы бір реттік әлеуметтік көмек беріледі», делінген Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: