Қазақстан жаңалықтары9 ақпан 2026, 10:43

NEF Qazaqstan басшысы Тарык Волкан Оскай Қазақстанға экстрадицияланды

NEF Qazaqstan басшысы Тарык Волкан Оскай Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қазақстан бас прокуратурасы және ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросы аса ірі көлемде қаражат ұрлағаны үшін Черногориядан түрік азаматын экстрадициялаған.

“2022-2024 жылдар аралығында жалған келісімшарттар жасап және үлестес ұйымдар арқылы Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің құрылысына арналған 6 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырғаны анықталды”, – делінген хабарламада.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

Ресми хабарламада күдіктінің аты-жөні көрсетілмесе де, Алматы прокуратурасы күдіктінің NEF Qazaqstan компаниясының басқарушы серіктесі Тарык Волкан Оскай екенін растады.

Тарык Оскай ұсталды Прокуратура тексеріс

Тақырыпқа жаңалықтар