Нұрлан Сабыровтың үстінен Бас прокуратураға арыз түсті

Нұрлан Сабыровтың үстінен Бас прокуратураға арыз түсті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Белсенді Марат Тұрымбетов Сабыровтың әрекеті Қылмыстық кодекстің 170-бабы (“Жалдамалылық”) бойынша қарастырылуы мүмкін деп санайды.

Өйткені оның сөзінше, “Вагнер легионы Истра” ЖӘК “Вагнердің” құрамына кіреді, ал бұл құрылым өкілдері жалдамалылар.

“Құзырлы органдар анық-қанығын ашып береді деп ойлаймын. Егер бұл жалған жала болып шықса, ҚР заңына сәйкес жауапкершілік көтеруге дайынмын. ҚР Бас прокуратурасының жауабын күтеміз”, – деп жазды белсенді.

Сабыров Прокуратура Арыз Заң

Тақырыпқа жаңалықтар