Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Әңгіме барысында тараптар бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, екі бауырлас елдің халқына бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеу тілектерін білдірген.
Сондай-ақ әңгімеде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық, көршілестік, стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарының жоғары деңгейде екені атап өтілген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: