«Олимп» букмекерлік компаниясының экс-иесі қайтыс болды

Дмитрий Давыдов Қазақстанда 2020 жылдан бері қаржылық заңбұзушылықтарға байланысты қылмыстық іс бойынша іздеуде болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Кейін Ресейдің әділет министрлігі оны “шетел агенті” тізіміне енгізді. Ал 2023 жылдың күзінде Қазақстанда ресми түрде Давыдовтың қайтыс болғаны туралы куәлік берілген. Кәсіпкердің жақындары да мұны растаған. Олар Давыдовтың өмір сүріп жүргенін дәлелдейтін ешқандай белгі жоқ дейді. Дегенмен кейбірі оның ауқатты адам ретінде өз өлімін қолдан ұйымдастыруы мүмкін деген болжам айтып жатыр.

Еске сала кетейік, 2014 жылы Анарбек Жауыров пен Дмитрий Давыдов ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, букмекерлік кеңсенің атын жамылып заңсыз ойын бизнесін жүргізген және салық төлеуден жалтарған.

ойын Қаза болды Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар