«Оңай ақша», «Сілтемені бас». Алматыда есірткі жарнамаларының көзі жойылды
ФОТО: КТК
КТК
Қазақстан жаңалықтары25 қазан 2024, 12:00

«Оңай ақша», «Сілтемені бас». Алматыда есірткі жарнамаларының көзі жойылды

«Оңай ақша», «Сілтемені бас». Алматыда ғимараттардың қабырғаларына салынған осындай есірткі жарнамаларының көзі жойылды. Полиция адам аяғы көп жүретін көшелер мен саябақтарды аралап графити, QR-кодтарды өшірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сілтемеге кіргендер бірден телеграмдағы есірткі саудасымен айналысатын каналға жазылады екен. Сөйтіп синтетикалық есірткі, спайстарға қол жеткізеді, деп жазады КТК телеарнасы.

Тәртіп сақшылары қаладағы мұндай 500-ден астам интернет ресурстың көзін жойыпты. Ал жыл басынан бері тоғыз мыңға жуық қабырғадағы жазба өшірілген. Негізінен бұл қылмыс түрін жасағандарға бір жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Дәурен Көбеев, Алматы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі:

— Биыл 9000-ға жуық осындай нарко граффити жойылған. 530 наркосайт жойылған. Заң бойынша ҚР ҚК 299-бабы бойынша 1 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Бүгінгі күнде Алматыда 21 іс қозғалған, осы есірткі бойынша.

Алматы Есірткі жарнама Күрес

Тақырыпқа жаңалықтар