Онкологияға шалдыққандар саны биыл 43 мыңнан асуы мүмкін
Қазақ ғылыми онкологиялық және радиологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарованың мәлімдеуіншше, жыл аяғына қарай онкологияға шалдыққандардың саны былтырғы көрсеткіштен де асып түсуі мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.
2022 жылы онкологияға шалдығудың 40 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркелді. Өлім-жітім көрсеткіші 13 мың болды. Бірінші орында – бездің қатерлі ісігі, екінші орында – өкпе обыры, арықарай асқазан обыры, ішектердің қатерлі ісігі, жатыр мойны обыры деп кете береді. Ең жиі кездесетін бес түрі осылар, - деді маман.
2023 жылдың алты айында онкологиялық ауруға шалдыққан жаңа науқас саны 20 мыңнан асты. Жыл аяғына қарай жаңа тіркелген науқастар саны 42-43 мыңнан асуы мүмкін», - деді Диляра Қайдарова.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: