Қазақстан жаңалықтары4 ақпан 2024, 9:00

Оралда зорлықпен өлтірілген ер адамның мүрдесі табылды

Орал қаласында зорлықпен өлтірілген ер адамның мүрдесі табылды.БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 2 ақпан күні болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

«Таңғы сағат 08.10-да Дәулеткерей көшесі бойындағы үйлердің бірінің жанынан ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған. Кісі өлтіру дерегі бойынша Абай полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде. Қазіргі кезде аталған қылмысты ашу және күдіктіні анықтауға бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары атқарылуда. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», деп хабарлады ведомстводан.

орал Зорлық ер адам мүрде

Тақырыпқа жаңалықтар