Өртенген ферроқорытпа зауытындағылар құтқарушыларды кіргізбеуге тырысып бақты — ТЖМ
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары30 шілде 2024, 13:41

Өртенген ферроқорытпа зауытындағылар құтқарушыларды кіргізбеуге тырысып бақты — ТЖМ

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов ферроқорытпа зауытындағы апат туралы хабар құтқарушыларға 2 сағаттан кейін ғана түскенін мәлім етті. «Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы апат туралы мәлімет Төтенше жағдайлар министрлігіне қай уақытта түсті?» деген сұраққа вице-министр зауыттағылар апат туралы хабарды 2 сағат кешіктіріп бергенін айтады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

«Бұл жерде негізі оқиға таңғы сағат 4:10 кезінде болған. Бірақ, өкінішке қарай, ол хабар бізге 6-дан 8 минут кеткенде түскен. Демек, былай айтқанда, 2 сағаттан кейін түсіп отыр. Ол біздің азаматтық қорғау саласындағы заңнамаға қайшы келеді. Біздің күш-құралдар ол жерге санаулы минуттарда жетті. Бірақ, өкінішке қарай, сол мекеменің қызметкерлері біздің құтқарушыларды ол жерге кіргізбеуге тырысқан. Сондықтан оларға қазір әкімшілік шара қолданылып жатыр, әкімшілік іс қозғалды.Бұл жерде айта кететін нәрсе, Қазақстан аумағында орналасқан мекемелердің бәрі төтенше жағдай болған кезде өзінің аумағына құтқару күш-құралдарын кіргізуге міндетті. Сондықтан ол мекемеге 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Қазір іс сотқа өтті», — деді Бауыржан Сыздықов.

ферроқорытпа зауыты Апат Құтқарушылар кіргізбеу

Тақырыпқа жаңалықтар