Өскеменде ауа ластануына байланысты оқушылар қашықтан оқиды

17 ақпанда Өскемен қаласында барлық мектептің 0-11 сынып (бірінші ауысым) оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл жөнінде Өскемен қаласының білім басқармасы Instagram парақшасында хабарлады.

Білім басқармасының жазбасына комментарий қалдырған кейбір қолданушылар шешімді құптап «сыртқа шықсаң, ауа жоқ» екенін жазды. Кейбірі «екінші ауысымда оқитын адам емес пе?» деп жазып жатыр.

«Көшеде, Абай даңғылы аумағы жағында сасық иіс, газ, жүру мүмкін емес, бірден жөтеле бастайсың» деп жазды almira_pitanie есімді қолданушы.

«Қазгидромет» дерегіне сәйкес, атмосферадағы кейбір зиянды заттардың шекті рұқсат етілген мөлшері едәуір артқан: күкірт диоксиді – шамамен үш есе, көміртек тотығы – екі есеге жуық, күкіртсутек – 1,7 есеге дейін көбейген.

Өскемен Мектеп Оқушы қашықтық

Тақырыпқа жаңалықтар