Өскеменде белгісіз біреулер полицейге шабуыл жасаған

Өскеменде белгісіз біреулер полицейге шабуыл жасаған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Облыстық полиция мәліметінше, оқиға 22 наурызда болған.

Тәртіп сақшыларына жасөспірім жүгініп, екі ер адамның оған дөрекілік танытқанын айтқан.

Полиция қызметкері мас болған бұзақыларды анықтады.

Олар тәртіп сақшысының заңды талабын елемей, оған шабуыл жасаған.

Жарақат алған тәртіп сақшысы ауруханаға жеткізілді.

"Қару тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер.

Өскемен полиция Шабуыл ер адам

Тақырыпқа жаңалықтар