Өскеменді қою түтін басты: Оқушылар онлайн оқиды

Бүгін Өскемендегі барлық орта мектеп оқушылары екі ауысымда да онлайн форматқа көшті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Облыс орталығында үш күн қатарынан екінші дәрежедегі қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқан.

Қалада жел соқпай, түтін тарамай тұр. Экология мамандары жылжымалы зертханамен ауа құрамын тексеріп жатыр. Нәтижесінде көміртегі тотығы шекті мөлшерден 1,5 есеге артқаны анықталды.

Дәрігерлер тұрғындарға мұндай күндері далада ұзақ жүрмеуге кеңес береді.

Өскемен Ауа райы Климат Оқушы

Тақырыпқа жаңалықтар