Қазақстан жаңалықтары16 қараша 2023, 14:07

«Отбасы» банкі 20 млн-шы боп туған бес балаға 2 млн теңгеден береді

«Отбасы» банкі еліміздің 20 млн-шы тұрғыны атанған 5 балаға 2 млн теңгеден береді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты.

«Отбасы банкі» еліміздің 20 млн-шы тұрғыны атанған балалардың болашағына да өз үлесін қосқысы келеді. Біз оларға әрқайсысы 2 млн теңге номиналды құны бар сыйлық сертификатын сыйлаймыз. Бұл сертификат жай ғана сыйлық емес. Ол – жарқын болашаққа жолдама. Бұл қаражат жеке баспана сатып алудың алғашқы қадамы болады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, сертификатты қолдану үшін балалардың ата-аналар өздері тұрып жатқан қаладағы банк филиалына барып, жеке куәлігін, баланың туу туралы куәлігін көрсетуі керек. Сонымен қатар видеобанкинг арқылы да хабарласуға болады.

«Ол үшін ата-аналарға 3 ай уақыт беріледі», - деді Ләззат Ибрагимова.

Отбасы банкі 20 миллион бес бала сертификат
25 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
25 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар