Павлодар облысында су тасқыны жағдайы тұрақтанды
Павлодар облысында су тасқынының алдын алу және салдарын жою іс-шараларына барлық күш пен құрал жұмылдырылды. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов мәлім етті, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Павлодар облысында су тасқыны жағдайы тұрақтанды. Облыс бойынша су тасқынының алдын алу және салдарын жою іс-шараларына барлық күш пен құрал жұмылдырылды. Атап айтқанда, 238 адам, 109 бірлік техника, 13 мотопом тартылды. ТЖД мен жергілікті билік органдарының күшімен су тасқынына қарсы жұмыс басталғалы бері 651 мың текше метрден астам еріген су сорылды және 21 140 қап құм мен 4 560 тонна инертті материалдар төселді. Павлодар облысы бойынша су тасқыны басталғалы адам және мал шығыны тіркелген жоқ.», - деді Асайын Байханов.
Асайын Байханов өңірдегі жедел штабтың тәулік бойы жұмыс істеп тұрғанын және жағдай жеке бақылауында екенін айтты.